Негізгі Жаңалықтар Қалдықты сұрыптау – экологиялық мәдениеттің белгісі

Қалдықты сұрыптау – экологиялық мәдениеттің белгісі

Қалдықтарды сұрыптау, контейнерді дұрыс пайдалану және қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастамау – қоршаған ортаны қорғаудың қарапайым, бірақ маңызды талаптары. Қостанай облысында тұрмыстық қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. Алайда мамандардың айтуынша, жүйенің тиімділігі тұрғындардың экологиялық мәдениетіне де тікелей байланысты. 

Күн сайын тұрмыста жиналатын қалдықтың бір бөлігі қайта өңдеуге жарамды шикізатқа айналса, қалғаны полигонға жіберіледі. Сондықтан оны дұрыс сұрыптап, тиісті орынға тастау маңызды. Қазір облыстың 74 елді мекенінде бөлек жинауға арналған 2 мыңнан астам контейнер, жеті елді мекенде 17 қайталама шикізат қабылдау пункті жұмыс істейді. 

Осылайша, өңірде қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Ал бұл жүйенің тиімділігі – тұрғындар, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың ортақ жауапкершілігіне байланысты болмақ. 


Бөлісу