АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Қостанай облыстық филиалы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын кезекті сайлауына қатысатын партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын телеарналар эфирінде, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастырудың жалпы шарттары


                «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалы (бұдан әрі – «Qostanai» телеарнасы) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Телеарнада сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастырудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
                Телеарна Үгіт материалдарын Телеарна мен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген саяси партия немесе оның уәкілетті өкілі (бұдан әрі – Саяси партия) арасында жасалған жазбаша шарт негізінде орналастырады.
                Бұл ретте Үгіт материалдарын Телеарна эфирінде орналастыру Телеарна бекіткен монтаждық парақтарға сәйкес жүзеге асырылады. Монтаждық парақтар Үгіт материалдарын эфирге шығару жоспарланған күнге дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын әзірленеді және жазбаша өтініш берілген күнгі Телеарнаның техникалық мүмкіндіктеріне, яғни жоспарланған эфир уақытында жарнаманың болуы және (немесе) болмауы ескеріле отырып қалыптастырылады.
Телеарна эфирінде Үгіт материалдары мынадай түрде орналастырылады:
1. қазақ немесе орыс тілдеріндегі ұзақтығы кемінде 10 (он) секунд болатын бейнероликтер;
2. бейнесюжеттер;
3. өзге де Үгіт материалдары.
                Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасасуға Саяси партияның немесе оның уәкілетті өкілінің телеарна директорының атына берген жазбаша өтініші негіз болып табылады.
                Үгіт материалдарының саны, ұзақтығы, орналастырудың болжамды күні мен уақыты Саяси партияның немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен шарт талаптарында бекітіледі.
                 Өтініштер Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен тіркеледі. Әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір және оның келіп түскен күні беріледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1. Саяси партияның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2. Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3. өтініш беруші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4. шарт жасасуға тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
                Телеарна эфирінде Саяси партиялардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен айқындалады. Өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда кезектілік жеребе тастау арқылы белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын телеарна айқындайды.
                Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте сұратылған эфир уақыты бұған дейін өтініш берген басқа Саяси партияға берілген болса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты ұсыныла алмаса, телеарна өзінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа эфир уақытын ұсынады.
                Үгіт материалдары эфирге шығару жоспарланған күннен кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын телеарнаға ұсынылуы тиіс.
                Үгіттік аудиовизуалды материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматында, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартының кадр өлшемімен, interlaced жайма түрінде, өрістердің орналасу тәртібі – жоғарғы өріс бірінші (top field first), кадр арақатынасы 16:9, біріктірілген дыбыспен және қойылған тайм-кодпен ұсынылады. Бейне мен дыбыс MOV немесе MXF контейнерлеріне қапталуы тиіс.
                Дыбыстық сүйемелдеу мынадай объективті техникалық және субъективті талаптарға сәйкес болуы қажет: динамикалық диапазоны – кемінде 40 дБ; жиілік диапазоны – кемінде 20 Гц–20000 Гц; сызықтық емес бұрмалану коэффициенті – 1 %-дан аспауы тиіс; студиялық жазба кезінде акустикалық реверберацияның («жаңғырықтың») болуына жол берілмейді; сөйлеудің анықтығы 100 % қамтамасыз етілуі тиіс; жазбада бөгде дыбыстардың, шудың және кедергілердің болуына жол берілмейді; 1 және 2 дыбыстық жолақтар үшін біріктірілген дыбыс (сол және оң дыбыстық арналар бірдей болуы тиіс), 3 және 4 дыбыстық жолақтар үшін ажыратылған дыбыс ұсынылады.
                Үгіт материалдары сыртқы ақпарат тасымалдағыштарда (қатты диск, флеш-карта) ұсынылады.
                Электрондық ақпарат тасымалдағышпен бірге Үгіт материалының мазмұнын құрайтын мәтіннің жазбаша нұсқасы, Үгіт материалдарын орналастыру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған құжат, Үгіт материалдарында бейнесі пайдаланылған тұлғалардың жазбаша келісімдері, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша келісімдері, сондай-ақ жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың бейнесі пайдаланылған жағдайда олардың ата-аналарының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімдері ұсынылады.
               Үгіт материалдарында оларды төлеу және қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпарат міндетті түрде қамтылуға тиіс.
               Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
               Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары сақталмаған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүзеге асырылмайды немесе анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
               Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылыстың негіздерін күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, соғысты, қарулы қақтығыстарды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни үстемдікті немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, сондай-ақ осындай әрекеттерді жасауға шақыру белгілері болса, телеарна оларды орналастырудан бас тартады.
              Телеарна Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда, оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.
              Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Үгіт материалдарын орналастырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.



Телеарнада Үгіт материалдарын орналастырудың құны және орналастыру тілі


Телеарна атауы
Орналастыру түрі
Орналастыру тілі
ҚҚС-пен қоса 1 минуттың құны, теңге
1
«Qostanai»
Бейнематериалдар
Қазақ, орыс
30 000
2
«Qostanai»
Бейнесюжетті (арнайы жобаны) дайындау және орналастыру
Қазақ, орыс
45 000

Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған.

              Орналастыру құнына «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалының хабар таратуының барлық қолжетімді тарату орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, спутниктік хабар тарату, сондай-ақ кабельдік операторлар және Интернет желісіндегі онлайн хабар тарату арқылы) телеарналарды тарату және қайта тарату кіреді.
             Телеарнада Үгіт материалдарын тарату бойынша жасалған шартқа сәйкес төлем телеарна ұсынған төлем шоты негізінде, шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
             Жазбаша өтініштерді телеарна 2026 жылғы 20 шілдеден бастап 2026 жылғы 19 тамызды қоса алғанға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, мына мекенжай бойынша қабылдайды:
✓ Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 – «Qostanai» телеарнасына орналастыру үшін.
             Факсимильдік байланыс немесе Интернет арқылы жіберілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ
Қостанай облыстық филиалының директоры                                                            Санай З.