Ауданда ашылып жатқан жаңа нысан көп
Сарыкөл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Маяк ауылындағы жаңадан салынған фельдшерлік-акушерлік пункттің жұмысымен танысты. Бұл медициналық нысан 500-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге қауқарлы. Іссапар барысында өңір басшысы аудан диқандары және тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысын көрді.арыкөл ауданына қарасты Маяк ауылының тұрғындары үшін бұл — көптен күткен қуаныш. Елді мекенде заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік пункт бой көтерді. Бұған дейін медициналық көмек аядай, көне ғимаратта көрсетіліп келген. Енді толық жабдықталған медициналық ұйым өз ауылдарында бар. Облыс әкімі жаңа нысанмен танысып шықты.Медициналық нысанның құны — 270 миллион теңгеден астам. Ғимараттың жалпы аумағы — 248,72 шаршы метр. Медициналық пункт бір ауысымда 25 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы.Сарыкөл ауданында тұрғын үй құрылысы да қарқын алған. Қазір мұнда екі көппәтерлі үй салынып жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс нысандардың құрылыс барысын облыс әкімі Құмар Ақсақалов аралап көрді.