Жасанды интеллект — жаңа білім бағыты
Биыл А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде жаңа бағдарлама енгізілді. Ол «Жасанды интеллект және деректерді талдау» деп аталады. Алғашқы жылдың өзінде бұл мамандыққа бакалаврға 46 студент, магистратураға 18 адам қабылданды. Өңірлік жоғары оқу орнында тағы қандай жаңашылдықтар бар? ҚӨУ жасанды интеллект бойынша жеке мамандық ашып, осы саладағы мүмкіндікті өңір экономикасының негізгі салаларымен байланыстырып келе жатыр. Жасанды интеллек кез келген сала маманының жұмыс құралына айналуы тиіс. Осылай деген университет басшысы білім беру бағдарламаларына жүйелі түрді ЖИ-ді енгізіп келеді. Бұл жұмыстың негізі де қаланып жатыр. Мәселен, оқу орнында диджитал ЭйАй Лаб жұмыс істейді. Деректерге сәйкес, 100-ден астам дипломдық жұмыс ЖИ пен цифрлық технологияларға арналған. Оның 50-ден астамы машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінде орындалып жатыр. Университет басшысы жоғары білім министр Саясат Нұрбекпен Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі аясында Baitursynuly University мен Dong-Eui University келісімге келді. Негізгі бағыт – машина жасау мен автоөндірісте жасанды интеллектті қолдану. Қыркүйек айында университет оқытушысының авторлық курсы алғаш рет халықаралық coursera платформасына орналастырылды. енді қостанайда дайындалған оқу материалдарын әлемнің әр түкпіріндегі тыңдаушылар пайдалана алады. Бұл университеттің өңірмен байланысын күшейтіп, білім мен жаңа технологияны экономикамен ұштастырып келе жатқанын көрсетеді. Айта кетейік, университетте, 10 мыңға жуық студент білім алады. Оларға 564
оқытушы дәріс оқиды. Оның 250-ден астамының ғылыми дәрежелері мен атағы бар.