Негізгі Жаңалықтар Тазалық шаралары тиісті талаптарға сай болуы керек

Тазалық шаралары тиісті талаптарға сай болуы керек

Жыл басынан бері Арқалық қаласы және маңайындағы ауылдардан 247 мың тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Әмірхан Асанов облыс әкімінің шаһардағы жұмыс сапары барысында айтты. Осы атқарылған шараларға 108 млн теңге қарастырылған. 

Сонымен қатар, моноқалада 30 млн теңгеге тозығы жеткен әрі қараусыз қалған 61 ғимарат сүрілген. Тағы 2 млрдтан астам қаражатқа көпқабатты үйлердің қасбеттері, шатырлары жөнделіп, балалар аттракционы, жаңа субұрқақ орнатылды. Өңір басшысына ауылдардағы тазалық жұмыстары жайлы баяндалған еді. Кейбір жерлердің жиналғаны әлі талапқа сай келмейтінін, сол себепті жұмыстың қабылданбайтынын айтты облыс әкімі. Сонымен қатар, профильді қаңылтырдан қоршаулар орнатылды. Абай даңғылындағы баспана маңындағы гүлзарға брусчатка төселді. Демалыс саябағы мен «Қайрат» спорт кешені маңында заманауи жаяу жүргіншілер өткелдері іске қосылды. Сондай-ақ саябақ аумағына 

бейнебақылау камералары орнатылды. 

Бөлісу