Негізгі Жаңалықтар Дәлел мен дәйек: мемлекеттік қызметшілер арасындағы дебат.

Дәлел мен дәйек: мемлекеттік қызметшілер арасындағы дебат.

 «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» осындай атаумен мемлекеттік қызметшілер арасында пікірсайыс турнирі өтті. Осы ретте мамандар кәсіби ортадағы өзекті мәселелерді талқылап, өз пікірлерін ортаға салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат мемлекеттік қызметшілердің сыни ойлау, шешім қабылдау және пікірін сауатты жеткізу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Пікірсайыс – жай ғана ой жарысы емес. Мемлекеттік қызметте әрбір шешімнің артында нақты міндет, жауапкершілік және қоғамның мүддесі тұр. Сондықтан маманның өз ұстанымын дәлелді жеткізе білуі , қарсы пікірді тыңдап, тиімді шешімге келе алуы да аса маңызды.

Қатысушылардың пікірталас барысында көтерген тақырыптары да мемлекеттік қызметтің күн тәртібінен алынған. Оның ішінде кадрлық саясат, мемлекеттік басқару тиімділігі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу секілді мәселелер бар.


Бөлісу