Негізгі Жаңалықтар Майлы дақылдар алқабы 1 млн гектарға дейін ұлғаяды

Майлы дақылдар алқабы 1 млн гектарға дейін ұлғаяды

Қазір астықтың қамбаға құйылып, соңынан өндіріске жөнелтілетін уақыты. Әдетте шаруаларда осы кезеңде жұмыс қызу жүреді. Басты мақсат – еккен егіннен мол өнім алу. Ал, аталмыш істе Қостанай облысы жыл сайын жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Биыл аймақ диқандары дәнді дақылдан гөрі майлы дақылдарға басымдық берген.

Өңірде дақылдар саны жылдан-жылға кеңейіп келеді. Былтыр майлы дақылдар 873 мың 500 гектар болса, биыл егіс көлемі 1 миллион 109 мың гектарға дейін ұлғайған. Оның ішінде күнбағыс 357 мың гектарға егілді.

Бөлісу