Негізгі Жаңалықтар Математиканы меңгерудің жаңа жолы

Математиканы меңгерудің жаңа жолы

Математиканы меңгеру енді тек аудиториядағы дәріспен шектелмейді. Отандық оқытушылар халықаралық білім беру платформаларына арналған авторлық курстар әзірлеп, өз тәжірибесін цифрлық форматқа көшіріп жатыр. Соның бірі – матрицалық алгебраны қарапайым тілмен түсіндіруге бағытталған курс.Енді маман өз пәнін онлайн ортаға бейімдеп, оны әртүрлі деңгейдегі тыңдаушыға түсінікті форматта ұсына білуі қажет. Осындай мақсатпен математика-физика кафедрасының оқытушысы Анар Өтемісова халықаралық Coursera платформасына арналған өзінің авторлық курсын әзірлеген.Бір жылға созылған жұмыс нәтижесінде дәстүрлі дәріс цифрлық оқу материалына айналды. Мұндай курстың ерекшелігі – білім алушы материалды өз қарқынымен меңгеріп, теорияны тапсырмалар арқылы бекіте алады.Бұл үрдіс білім беру мазмұнының да өзгеріп жатқанын көрсетеді. Бір жағынан, оқытушы өз пәнін жаңа форматта ұсынуды үйренсе, екінші жағынан, студент білімді тек теория жүзінде емес, цифрлық ортада қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Бөлісу