Медицина саласындағы мемлекеттік қызметтер
Облыстық ауруханада «Бірыңғай қызмет алушылар күні» өтті. Іс-шара барысында тұрғындарға денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді. Кездесуге мемлекеттік органдар мен медициналық ұйым өкілдері қатысты
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – азаматтарға қажетті құжаттар мен анықтамаларды қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде медициналық ұйымдарда да қызмет көрсету үдерісі электронды жүйелер арқылы жүзеге асырылады.
Іс-шараға келген азаматтар мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қызмет көрсету тәртібіне қатысты нақты жауаптар алды. Мамандар мемлекеттік қызмет алу жолдарын түсіндіріп, цифрлық сервистерді пайдалану бойынша кеңес берді.
Медициналық қызметтерді рәсімдеу кезінде
электронды платформалардың мүмкіндігі кеңейіп келеді. Бұл мамандардың жұмысын жүйелеп, құжат айналымын жеңілдетуге оң ықпал етеді.
Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктері туралы білімін толықтыруға бағытталған. Қажетті кеңесті тиісті мекемелерден алуға болады.