"Qostanai" телеарнасы - отыз жылдық тарихы бар БАҚ.
Телеарнаның хабарларын тарату Қостанай облысының 59 елді мекенінде қолжетімді.
Тұрғындарды қамту аудандарда - 98 %, қалаларда - 100% пайызды құрайды.
«Qostanai» телеарнасы бүгінгі күні телекөрерменнің кең аудиториясының сұранысын қанағаттандырып отыр.
Телеарна эфирінде күнделікті мемлекеттік және орыс тілдерінде 10 ақпараттық шығарылым, көрермен назарына ұсынылады. Одан басқа,ақпараттық-сараптамалық,қоғамдық-саяси, танымдық және мәдени- ағартушылық бағдарламалар шығады. Әсіресе,тікелей эфирдегі көңілашар - сазды тележобаларға көрермен қызығушылығы басым. Сондай –ақ,тәрбиелік мәні зор балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар да ерекше назарда.
Ал, қоғамдық-саяси хабарлар арқылы өзекті мәселелерді жеткізуге тырысамыз. Телеарна қажетті деген барлық мобильді технологиялармен жабдықталған.