Негізгі Жаңалықтар Туған жерге тарту

Туған жерге тарту

Әулиекөл ауданының 98 жылдығына орай туған жерден түлеп ұшқан мәдениет саласының қызметкерлері аудан тұрғындарына ерекше мерекелік концерт ұсынды. Өнер кешінің басты ерекшелігі – сахна төріне тек Әулиекөлдің тумалары шықты. Бұл – Қостанай облысы бойынша туған жер перзенттері арнайы ұйымдастырған алғашқы концерт.

Кеш барысында көрермен назарына ән мен күй, би мен ұлттық өнердің түрлі жанры ұсынылды. Өнерпаздар өз шығармашылықтарын ғана емес, Әулиекөлге деген ыстық ықыласын да жеткізді. Әулиекөлдің 98 жылдығына арналған өнер кеші – туған жерге деген тағзымның, өнерге деген құрметтің және ел перзенттерінің кіндік қаны тамған мекенге деген сағынышының көрінісі болды.


Бөлісу