Негізгі Жаңалықтар ІТ саласына жол ашатын жәрмеңке

ІТ саласына жол ашатын жәрмеңке

ІТ саласына жол ашатын жәрмеңке

ІТ саласында еңбек жолын бастағысы келетін жастар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға ақпараттық технологиялар саласына мамандар іздеген компаниялар қатысып, үміткерлерге өзекті вакансиялар мен кәсіби мүмкіндіктерін ұсынды.


Жәрмеңкеде жастар жұмыс берушілермен тікелей байланысып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алды. Қатысушылар түйіндемелерін ұсынып, компания өкілдерімен сұхбаттасудан өтті.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер ІТ мамандарына еңбек нарығындағы сұраныспен танысып, кәсіби бағыттарын айқындауға және өз саласы бойынша жұмыс табуға мүмкіндік береді.

Бөлісу