Негізгі Жаңалықтар Жұмыспен қамту нәтижесі

Жұмыспен қамту нәтижесі

Қалада 3 мыңнан астам адам жұмыссыз. Бұл тіркелген азаматтар ғана. Оның 1 мың 765-і жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік көмек алып отыр. Жаңа еңбек орындарын ашып, халықты тұрақты табыспен қамту үшін бірлесіп әрекет ету маңызды. Осындай ортақ істің арқасында қаладағы жұмыспен қамту көрсеткішін жақсартуға болады. 

Биыл қалада 8 мың 130 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазірдің өзінде 7 мың 139 азаматқа көмек көрсетілді. Бұл жоспардың 88 пайызы. Ең алдымен жұмыссыз азаматтарды тұрақты қызметке орналастыруға басымдық беріліп отыр.

Биыл 128 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілді. Олар 2 колледжде, 2 оқу орталығында және 7 жұмыс беруші базасында білім алып жатыр. Жоспар 93 пайызға орындалды. Қазірдің өзінде 97 адам оқуын аяқтап, оның 82-сі тұрақты жұмысқа орналасты. 


Бөлісу