Dosstar: 25 жыл сахнада
«DosStar» тобы биыл 25 жылдығын атап өтуде. Ұжымның тарихы 2000 жылы New Boys атауымен басталған. Осы жылдар ішінде топтың құрамы мен атауы өзгергенімен, өнерпаздар бірге өнер көрсетіп келеді. Қазір музыканттар топтың мерейтойына арналған жаңа концерттік бағдарлама дайындап жатыр.
Өнерпаздардың кәсіби жолы алғашында шағын хабарландырудан басталған. Сахнаға келген жас таланттар уақыт өте келе тұрақты құрамға айналып, өз көрерменін қалыптастырды.
Ұжымның алғашқы жылдардағы маңызды кезеңдердің бірі — үлкен сахнадағы байқаулар мен фестивальдер. 2004 жылы олар Алматыда өткен халықаралық «Азия дауысы» фестиваліне қатысты. Қолайсыз ауа райына қарамастан, өнер көрсетіп, арнайы жүлдеге ие болды.
Ал 2017 жылы топтың атауы өзгерді. New Boys — DosStar болды. Бүгінде музыканттар эстрадалық шығармалармен қатар, классикалық, ретро әндер мен заманауи каверлерді де орындайды.
Алдағы концерт топтың мерейтойлық бағдарламасындағы басты іс-шаралардың бірі болмақ. Кеш қараша айында өтеді. Өнерпаздар көрерменге жаңа шығармаларымен қатар, жылдар бойы орындап келе жатқан танымал әндерін де ұсынбақ.