Негізгі Жаңалықтар Спортқа алғашқы қадам

Спортқа алғашқы қадам

Баланың дені сау, шымыр болып өсуіне спорттың берері мол. Қазір өңірде балаларға арналған түрлі спорт секциялары жұмыс істейді. Бірі жекпе-жек өнеріне қызықса, енді бірі гимнастиканы таңдайды. Мұндай үйірмелерде балалар спортпен қатар тәртіпке, төзімділікке және өзіне деген сенімділікке үйренеді.

Өңірдегі спорт үйірмелеріне балалардың қызығушылығы жоғары. Жаттығулар жас ерекшелігіне қарай ұйымдастырылып, әр бағыттың өзіндік әдістемесі қалыптасқан. Мәселен, каратэ үйірмесіне бүлдіршіндер бес жастан бастап қабылданады.

Жаттығу залында алған дағдылардың бала өміріне де әсері бар. Үнемі дайындалу арқылы жас спортшылар өз мүмкіндігін бағалап, түрлі жағдайда жинақы болуға үйренеді. Мұны каратэмен айналысып жүрген жас спортшы да атап өтті.

Мамандардың айтуынша, баланы спортқа ерте жастан баулу – оның дене дайындығын ғана емес, тұлғалық қасиеттерін де қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы – баланың қызығушылығына сай бағыт таңдап, жаттығуды тұрақты жалғастыру. Өйткені спорттағы алғашқы қадам болашақтағы үлкен жетістіктердің бастауы болуы мүмкін.


Бөлісу