Негізгі Жаңалықтар Ұлттық құндылықтар заманауи контент арқылы дәріптелуде

Ұлттық құндылықтар заманауи контент арқылы дәріптелуде

Қостанайлық жастар қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін жоба бастады. Биыл олар «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауының іріктеу кезеңінен өтіп, 1 млн теңге грант ұтып алды.

Енді бұл қаржы ұлттық танымды жас буынға түсінікті тілмен жеткізетін медиажобаға жұмсалмақ. Басты мақсат – ұмыт бола бастаған ұғымдарды жаңғыртып, ұлттық мұраны заманауи контент арқылы халыққа жеткізу. Бұған дейін олар нашақорлықпен темірторға түскен жастар жайында деректі фильм түсірген еді.


Бөлісу