Негізгі Жаңалықтар Кеңшілік мұрасы кеңінен насихатталған кеш

Кеңшілік мұрасы кеңінен насихатталған кеш

Сағыныштың сазын жырға қосқан ақын, аудармашы Кеңшілік Мырзабековтың 80 жылдығына орай «Іңкәр дүние» атты еске алу кеші өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қостанай облысының әкімі және зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Кеңшілік Ағытайұлы 1946 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Жәнібек Тархан ауылында дүниеге келген. Еліміздегі көптеген беделді басылымда қызмет істеген. 80 жылдық кеші бір ақынды еске алу ғана емес, әдебиетімізге, руханиятымызға көрсетілген зор құрмет екені анық. Осыған орай іс-шарада Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау хаты табыс етілді.

Соңғы жылдары Тобыл-Торғай өңірінің ақын-жазушылары халықтың назарында. Алаштың аяулы ақындары, мақтанышымызға айналған жерлестеріміз Серікбай Оспанұлы, Әсия Беркенова, Ақылбек Шаяхмет, Серік Тұрғынбекұлы сынды танымал тұлғалардың мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Соның бәрі аймақ басшысының қолдауының арқасы.

Кеңшілік Мырзабеков – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, туған ел мен туған жердің қасиетін жырға қосқан көрнекті қаламгер. Ақынның шығармашылығы жайында ел әдебиетінің ардақты өкілдері жоғары бағасын әлдеқашан беріп қойған.


Бөлісу