Негізгі Жаңалықтар Президент кітабы: тарих, өзгеріс және даму

Президент кітабы: тарих, өзгеріс және даму

Қостанайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабы түсіндірілді. Осы ретте Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы келді. Кітапта елдің өткені мен бүгіні, қоғамдағы өзгерістер және мемлекетті дамытуға қатысты ой-пікірлер қамтылған. 

Бұл - жай ғана жаңа кітаптың таныстырылымы емес. Жиынға жиналғандар Президент еңбегіндегі ел дамуына қатысты ойларды талқылап, өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе қоғамдағы жауапкершілік, әділет пен өзгерістерге қатысты тұстарға назар аударылды. 

Кітаптың мазмұны тек саясатпен шектелмейді. Онда тарихи оқиғаларға баға беріліп, елдің бүгінгі бағыты мен болашағына қатысты ұстанымдар да көрініс тапқан. Қостанайлықтар үшін бұл - Мемлекет басшысының ой-толғамдарымен жақынырақ танысуға берілген мүмкіндік. Жазушылар да еңбектің қоғамдық маңызына тоқталды. Олардың айтуынша, мұндай шығармалар ел тарихын түсінуге ғана емес, бүгінгі өзгерістердің себеп-салдарын пайымдауға жол ашады. 

Кездесуге жастар да қатысты. Жиын барысында Мәлік Отарбаев студенттер мен қала тұрғындарына Президенттің кітабын сый ретінде табыстады..Олар үшін елдің өткені мен қазіргі бағытын қатар түсіну маңызды. 

Жиын соңында кітаптың оқырманға ой салатын 

тұстары тағы бір мәрте сараланды. Қатысушылар үшін бастысы - айтылған пікірлерді талқылап қана қоймай, ел дамуына қатысты мәселелерге әр азаматтың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. 


Бөлісу