Негізгі Жаңалықтар Жаңарған жол – жайлы қатынас

Жаңарған жол – жайлы қатынас

Рудный қаласының батыс айналма жолы жаңартылып, пайдалануға берілді. Ұзындығы 6 шақырымнан асатын жол учаскесіндегі орташа жөндеу жұмыстары екі жарым айда аяқталған. Жобаға 971 млн теңге қаражат бөлінді. Жөндеу барысында қандай жұмыстар атқарылды және жолдың сапасы қалай тексерілді? 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Соның бірі – Рудный қаласының батыс айналма жолы. Ұзындығы 6 шақырымнан асатын учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын «ВАН» ЖШС жүргізді. Оның екі шақырымында ресайклинг әдісі қолданылып, төрт шақырымында жол жабыны жаңартылды. Бұл учаске арқылы тәулігіне шамамен 5 мың көлік өтеді. Жол учаскесіндегі атқарылған жұмыстарды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов арнайы жұмыс сапары барысында көрді. 


Бөлісу