Негізгі Жаңалықтар Есірткі жарнамасына тосқауыл қойылуда

Есірткі жарнамасына тосқауыл қойылуда

Қостанай облысында жыл басынан бері 140-тан астам есірткі қылмысы тіркелген. Заңсыз айналымнан 243 улы зат тәркіленді. Ал есірткінің алдын алу бағытында мамандар жыл басынан бері 600-ге жуық профилактикалық іс-шара өткізді. Оған еріктілер де белсенді атсалысып келеді. 

Ерсірткіге қарасы күресте жастар да қолғабыс етіп келеді. Бүгін ПД алдына 50-ге жуық ертікті жиналды. Олардың мақсаты есірткінің жолып кесіп, жастар арасында таралуына жол бермеу. Осы ретте олар сап түзеп, кейін есірткі жарнамаларын жою үшін автобуспен қала көшелерін аралауға аттанды.

Бұл — Қостанайдағы Жамбыл көшесі. Еріктілер акцияны осы аумақтан бастады. Себебі мұндағы көпқабатты үйлердің қабырғалары мен кіреберістерінде есірткі жарнамалары самсап тұр. Жастар есірткі жарнамалары мен сілтемелерін қара түсті бояумен бояп, көзден таса етті. 

Есірткі жарнамасына қатысты шағымдардың басым бөлігі тұрғындардан түседі. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, заңсыз жарнама таратушылар адам көп жүретін, бірақ бейнебақылау камераларының назарынан тыс қалатын жерлерді әдейі таңдайды. Мұндай жазбалар көбіне қабырғаға, қоршауға немесе басқа да нысандарға түседі. Тәртіп сақшылары тұрғындарды күмәнді жазбаларға кезіккен жағдайда дереу хабарлауға шақырады. 


Бөлісу