Эко-саябақта тазалық жұмыстары жүргізілді
Қостанай ауданында жаңа эко-саябақтың аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мичурин ауылдық округінде бой көтеріп жатқан саябақтың аумағы 43 гектардан асады. Мұнда табиғи ландшафтты сақтай отырып, тұрғындардың серуендеп, тынығуына қолайлы жағдай жасау жоспарланған. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікке жастармен қатар, түрлі сала өкілдері де қатысты. Тазалық жұмыстарына Қостанай облысының әкімі де атсалысты.