Негізгі Жаңалықтар Сенімге лайық маман ба, әлде сенімді пайдаланатын адам ба?

Сенімге лайық маман ба, әлде сенімді пайдаланатын адам ба?

Елдімізде псевдопсихологтардан қорғайтын заң өз күшіне енді. Бұдан былай психологиялық қызмет көрсететін мамандарға қойылатын талап анық. Психолог болу үшін тиісті білім мен біліктілік қажет. Сала мамандарының мемлекеттік тізімі де құрылмақ. Бұл өзін «психолог» деп таныстыратындардың қызметіне қатысты талап-шартты күшейтеді.

Қазір психологиялық кеңес алу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Әлеуметтік желінің өзінде кәсіби көмек ұсынатын маман көп. Кейбірі өзін психолог деп таныстырса, енді бірі коуч, ментор немесе эксперт ретінде қызмет ұсынады.

Психологиялық көмектің нәтижесін алдын ала уәде етудің өзі күмән тудырады. Себебі әр адамның жағдайы әртүрлі. Сондықтан маманды таңдауда оның кәсіби жолына назар аудару керек. Енді осы саладағы мамандардың қызметін заң тұрғысынан да ажыратуға болады.

Жаңа талаптар психология саласындағы қызметті жүйелеуге бағытталған. Енді маман үшін кәсіби білімі мен біліктілігін растау маңызды. Ең бастысы – психологиялық көмекке жүгінген адам өзінің құқығын біліп, маманды саналы түрде таңдағаны жөн.


Бөлісу