Келер жылдың дала жұмыстарына қам-қаракет
«Аграрлық несие корпорациясы» шаруаларға арналған жаңа қаржыландыру кезеңін бастайды. Биыл 1- қазаннан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтініш қабылданады. Қаржы 2027 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына беріледі. Несие «Кең дала 2» бағдарламасы аясында ұсынылады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% деңгейінде белгіленген. Ерте қаржыландыру тетігі аграршыларға келесі маусымға алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді, яғни олар қажетті ресурстарды сатып алып, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеп, алдағы өндірістік шығындарын жоспарлай алады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, «Аграрлық несие корпорациясы» бұл тетікті алғаш рет 2024 жылдың соңында енгізген. Содан бері шаруалар егіс науқаны басталғанға дейін қаржыға қол жеткізіп келеді. Қаржыландыру көлемі деартып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Кең дала 2» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 501,5 млрд теңге берілген. Ал 2026 жылғы маусым бойынша 16 қыркүйектегі жағдайға сәйкес қаржыландыру көлемі 664,4 млрд теңгеге жетті. Бағдарламаға сай қаржыны екінші деңгейлі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және «Аграрлық несие корпорациясының» филиалдары арқылы алуға болады.Өтініш қабылдау 2026 жылдың 1 қазанында басталады.