Азық-түлік бағасы бақылауда
Қоғамда азық-түлік нарығындағы тұрақтылық мәселесі өзектілігін жоғалпайды. Облысымызда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорының жұмысы күшейтілді. Қоймадағы қор қаншалықты жеткілікті және оның нарықтағы бағаға әсері қандай?
Қысқы маусымға азық-түлік қоры жасақталып жатқандығын дүкен сөрелерінен байқауға болады. Мәселен менің себетімдегі картоп бағасы 190 тг, пияз 130 теңгені құрайды. Дәл осы өнімдердің бағасы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізіміне енгізілгендіктен міндетті түрде тұрақты бақылау орнатылмақ.
Ал нарықтағы баға бір орында тұрмайды. Ол өнім маусымына, сұраныс көлемі және саудадағы ұсыныс құнына тікелей әсер етеді. Кәсіпкерлер осы өзгеріске акциялар арқылы бейімделеді