Агросалаға цифрлық серпін
Дрондар, жасанды интеллект пен компьютерлік бақылау технологиялары бүгінде ауыл шаруашылығы саласының да тынысын жаңартып келеді. Қостанайда бағдарлама әзірлеушілер бас қосқан Qostanai AgroTech Hackathon байқауы өтуде. Екі күнге ұласатын жас өнертапқыштар тартысының мақсаты – заманауи технологияларды тәжірибеде сынап, агросаладағы нақты мәселелердің тың шешімін табу.
Аграрлық салада цифрлық технологиялардың қолданылу аясы жыл санап кеңейіп келеді. Олар өндірістегі қалыптасқан үдерістерді автоматтандырып қана қоймай, ресурсты тиімді пайдалануға да жол ашады. Сондықтан бұл жолы қатысушыларға абстрактілі тапсырмалар емес, агрокәсіпорынның нақты өндірістік мәселелері ұсынылып отыр.