Есірткіге елітпе, спортты ал серікке
Қостанайда мыңнан астам студентке есірткі қылмысының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олар үшін арнайы бейнеролик көрсетіліп, есірткінің адам ағзасына зияны және заңсыз әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершілік туралы айтылды. Кездесу «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтті.
Іс-шараға Қостанай облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысты. Мамандар жастарға есірткіні қолданудың салдарымен қатар, оны сақтау, тарату және жарнамалаудың құқықтық зардаптарын түсіндірді.