Негізгі Жаңалықтар Aqyl Cup – тапқырлар тартысы

Aqyl Cup – тапқырлар тартысы

Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «AQYL CUP» зияткерлік ойындар лигасының екінші іріктеу кезеңі өтті. Бұл білім бәйгесінде жастардың тапқырлығы мен шапшаңдығы сыналды. Қатысушылар түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, әр кезең сайын өз білімдерін дәлелдеді.

«AQYL CUP» лигасы төрт кезеңнен тұрады. Екінші кезеңнен кейін қатысушыларды қазан айындағы үшінші ойын күтіп тұр. Ал қарашада үздіктер финалда бақ сынайды. Жоба аясында жастардың зияткерлік әлеуетін арттырып, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру көзделген.


Бөлісу