Мемлекет басшысы өз Жолдауында Денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыру керектігін айтты. Бұл, заман талабы. Президент тапсырмасына сай, елімізде бұл бағытта бірқатар бағдарламалар іске қосылды. Оның аясында Қостанай облысында Денсаулық сақтау саласы дамып келеді. Емдеу мекемелері соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, күрделі оталар жасалуда. Отандық медицинаның озық қадамдары мен шешімін күткен мәселелер облыстық ауруханада өткен брифингте сөз болды.