Қостанайда жастайынан трактор тізгіндеп, тыл жұмыстарына белсене атсалысқан ардагер тұрады. Бүгінде жасы 93-ке таяған Иван Переплюк өмірге құштарлығын жоғалтпай, белсенді өмір салтын сақтап келеді. Ардагердің жағдайын білу үшін дәрігерлер оның үйіне арнайы барып, толық медициналық тексеру жүргізді.