Ауылды дамыту - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қостанай облысында бұл ретте нақты істер жүзеге асуда. Облыс әкімдігі мен «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы қолға алған «Жарқын ауыл» жобасы елді мекендердің еңсесін көтеруде. Мәселен, Ұзынкөл ауданында 214 миллионнан астам қаражатқа инфрақұрылымды жақсарту жоспарланған.