Еліміздің барлық өңірінде көктемгі егіс науқанына әзірлік қыза түсті. Егінші  қауым мемлекеттік бағдарламаларға өтінімдерді қыс мезгілінде, тапсырып үлгерген. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысқан жиында осы жылғы қолдау шаралары талқыланды. Сала өкілдерінің айтуынша, дала жұмыстарына 1 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылмақ.