Президент өз Жолдауында отандық өндірістегі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлесін 50 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Дәрілік қамтамасыз ету саясатын жетілдіру үшін препараттардың қолжетімділігі, электрондық таңбалану арқылы фармацевтика нарығының ашықтығы мен қадағалануы - күн тәртібіндегі мәселе. Осы орайда облыс бойынша орындалып жатқан жұмыстардың жай-жапсары өңір басшысына баяндалды.