Мұз астында балық бар, сонымен қатар қауіп бар! Облыстық төтенше жағдалар департаменті өкілдері өңір тұрғындарына қыста балық аулауға қатысты қанша ескерту жасап, сақтық ережелерін естен шығармауға шақырғанымен, қармақ ұстаған қауымның құлақ асып жатқаны шамалы, шындығы керек. Сондықтан құтқарушылар жайсыз жағдаяттар болдырмау мақсатында міндеттерін орындап, қызметтерін жалғастыра беруден жалықпайды. Ведомство мамандары ұйымдастырған кезекті қауіпсіздік іс-шарасына тілшіміз куә болып қайтқан-ды.