Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы айтқан мәселелер елдің экономикалық, әлеуметтік және инвестициялық саясатын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл ұсыныстардың жүзеге асуы Қазақстанның тұрақты өсіміне ықпал етіп қана қоймай, жаһандық экономикадағы орнын нығайтуға да мүмкіндік береді. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарының әлеуетін арттырып, оларға қолдау білдірудің келешек үшін жемісті болары сөзсіз. Қостанайдағы «Allur» зауытының қызметкері Сәния Иментаева осындай пікір білдірді.