Елімізде аграрлы саланы субсидиялауда түйткіл көп. Көбіне мемлекет көмегінің бұл түрі шаруаларға уақытында берілмей жатады. Фермерлер тіпті мемлекеттік қолдаудан үміт үзгендей еді. Себебі шаруалар арасында субсидияны несиеге толығымен алмастырады деген әңгіме тарап кеткен. Президенттің осы жүйені ретке келтіру туралы тапсырмасынан кейін, өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров қожалық иелерінің күмәнін сейілткендей.