Есірткі қылмысына қатыстылығы дәлелденген лауазымды тұлға енді өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәжілісте есірткі өндірушілеріне жазаны күшейтуге бағытталған маңызды заң жобасы талқылануда. Жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатайту ұсынылды. Бұл - әділетті шешім. Депутаттар осы норманы қолдап дауыс берді. Қостанайлықтардың пікірі қандай?