Негізгі Жаңалықтар 21 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

21 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бейімбет Майлин ауданында 21 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Жердің жалпы кадастрлық құны 112 миллион теңгеден асады.

 

Аудан прокуратурасының қадағалау жұмыстары барысында бірқатар ірі жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағаны анықталған. Заң талаптарын бұзған жер пайдаланушыларға қатысты сотқа талаптар жолданып, нәтижесінде алқаптарды мемлекетке мәжбүрлеп қайтару туралы шешім қабылданды. Осылайша, 21 мың 388 гектар жайылым мен егістік жер мемлекеттік меншікке өтті. Қайтарылған жерлер ауданның арнайы жер қорына енгізілді. Алдағы уақытта олар өңірдегі жайылым тапшылығын азайту үшін жергілікті тұрғындар мен шаруаларға конкурстық негізде беріледі.


Бөлісу