Биыл 10 айда 17 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген. Полицейлердің мәліміетінше, ең көп тараған тәсіл - сайттарда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландыру орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда. Алаяқтар тауар немесе қызмет үшін төмен баға көрсетіп, алдын ала төлем немесе толық төлем сұрайды. Жыл басынан бері осындай 6216 қылмыс тіркелген.