Публицистика немесе Ахметше айтар болсақ, көсемсөз – дегдар өнер. Жазарман қауым ішінен барлығының бірдей қалам-қабілеті жете бермейтін - ақпарат саласының бір қиясы. Сол биікте өзіндік қолтаңбасын қалдырып кеткен жерлесіміз Байтұрсын Ілиястың биыл 85 жылдығы. Ақын, журналист, ахметтанушының өңірдегі журналистика мектебінің қалыптасуында да қалдырған ізі менмұндалап тұр.