Жасанды интеллект қазіргі ғылымның жаңа бағыты. Мемлекет басшысы өз Жолдауында келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу туралы тапсырма берді. Бұл ретте, оны дамыту үшін ауқымды жұмыс атқарылуы керектігі айтпаса да түсінікті. Қостанайдағы «Озат» мамандандырылған мектеп-лицейінде өткен республикалық семинарда әр өңірден жиналған мамандар өз ойларын ортаға салды.