«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолында жойқын жол апатынан 4 адам қаза тапты. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Новонежин және Жосалы елді мекендерінің арасында болған.
59 жастағы “TANK” маркалы автомобиль жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, “ВАЗ-2112″маркалы автокөлікпен соқтығысты. Апат салдарынан оқиға орнында “ВАЗ” автокөлігінде болған 4 адам қайтыс болды, “TANK” автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.