Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау – мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі. Облыста қоғамдық мониторинг тобы өз жұмысын жүйелі атқаруда. Бұл жолы олар тексерген аймақ ең сұранысқа ие орындарының бірі — мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы. Себебі, бұл ұйымның жұмысына азаматтардан көп шағым келіп түскен. Көпшілікті қандай мәселе алаңдатады?