Президент жаңартылатын және баламалы энергия көздері үлесін ұлғайту туралы тапсырма берген болатын. Бұл ретте, Арқалық қаласындағы жел электр станциясы экологиялық таза энергия өндіруде өз үлесін қосуда. 48 мегаватт электр қуатын өндіретін бұл станцияда 10 жел генераторы жұмыс істейді. Әрбірі 4,8 мегаватт энергия өндіреді.  
Айта кетсек, жоба 2023 - ші жылдың сәуірінен желтоқсанына дейінгі қысқа мерзімде жүзеге асырылды.