Мемлекеттік кеңесші Қостанайда аймақтық кеңес өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қостанай қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, өңірдегі қалалар мен аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен аймақтық кеңес өткізді. Кеңесте ішкі саясат мәселелеріне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.