Биыл теміржолда есірткі тасымалдаудың 4 фактісі тіркелген
Биыл Қостанай облысы бойынша теміржол вокзалында есірткі тасымалдаудың 4 фактісі тіркелді. Полицейлердің мәліметінше, 110 граммнан астам улы зат тәркіленген. Қылмыстың алдын алу үшін тәртіп сақшылары кезекті рет «Есірткісіз болашаққа» акциясын өткізді.