Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Осыған орай мектептерде қауіпсіздік деңгейін тексеру бойынша рейд шаралары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері турникеттердің, бейнебақылау камераларының және дабыл түймелерінің жұмысын қадағалауда. Сонымен қатар, білім ошақтарындағы техникалардың заман талабына сай болуы міндеттелді.