Үш жылдан соң өңірімізде қазақ - қытай сұрыпты өнімдер пайда болады. Қостанай өңірлік университеті мен Қытайдың Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті бірлескен жобаны қолға алды. Қазіргі күні қостанайлық ғалымдар аспан асты елінен жеткізілген элиталық тұқымдарды жерге сіңіріп, аймақ алқаптарында сынақ жүргізіп жатыр.