«Таза Қазақстан». Еліміздің барлық өңірінде жүзеге асып жатқан ауқымды акцияға Қостанай ауданының тұрғындары да үн қосып жатыр. Бұған дейін бірнеше елді мекендерді қамтыған шара бүгін Алтынсарин ауылында жалғасты. «Таза ауыл» атты  эконауқан аясында ауыл тұрғындары «Таза бұлақ» ықшам ауданындағы үйлердің ауласында сенбілік ұйымдастырды.