Ол Қазақстан әскерін реформалау шараларына үлес қосып, бұл бағытта қаншама игі істерге бастамашы болды. Қаншама сарбаздарды әскери іс-әрекеттерге машықтандырды. Өз ісіне адал және еңбекқор. Әңгіме, Қазақстанның Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев жайлы. Генерал-лейтенант қостанайлық жастармен кездесті. Жергілікті жоғары оқу орны әскери кафедрасының жұмысымен танысты.