Федоровтықтар алдағы жылдары жеміс-жидектен кенде болмайды. Аудан орталығындағы бау-бақша былтырдан бері жайқала өсіп, өнім бере бастады. Кең ауқымды «Таза Қазақстан» акциясы барысында ауылдықтар бақшаны ретке келтірді. Тазалық шарасына жұмыла кіріскен тұрғындар елді мекендерін қоқыстан тазартып, көшет отырғызды. Оған 700-ден астам адам атсалысты.